қазақша · русский · english
   
Қоғамдық қызмет

 

Институтта  дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша «Денсаулық - зор байлық», «Табиғатты аялайық!» деген тақырыптарда студенттермен саяхат ұйымдастырылумен қатар, Университет профессор-оқытушылары және қызметкерлері арасында өтетін дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасына факультет профессор-оқытушылары белсенді қатысады.

Әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары бойынша институттағы мүгедек, жетім, жартылай жетім және көпбалалы отбасынан шыққан студенттер мен белсенді студенттерге университет тарапынан жеңілдіктер жасалынып, материалдық көмек көрсетіледі.

«Мейірім» клубының ұйымдастыруымен институт студенттері әр түрлі акциялар мен іс-шаралар ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттарға көмек көрсетеді. Атап айтьсақ, Шаңырак - 2 Мүгедектер үйі, Қарттар үйі, Балалар үйі «SОS», Шекарашылар үйі т.б. жерлерге барып студенттермен бірлесе отырып концерттік бағдарламалар мен қойылымдар көрсетеді.

Студенттер арасында діни сауаттылықты көтеру және экстремизм мен лаңкестіктің алдын-алу шаралары бойынша институт аумағында дәстүрлі емес діндерді насихаттайтын әдебиеттерді таратуға, экстремистік пиғылдағы ұйымдардың уағыз жүргізулеріне жол бермеу мақсатында, кафедраның әрбір тәрбие жетекшісі  ҚМДБ өкілдерінің, мешіт қызметкерлерінің қатысуымен өздеріне бекітілген топ студенттерімен рухани-адамгершілік тақырыбында әртүрлі әңгімелер, кездесулер, диспуттар өткізіп отырады.