Негізгі бет
Жаңалықтар
19.09.2023 Кореяның Халықаралық білім беру ұлттық институты (NIIED) делегациясының жұмыс сапары
2023 жылғы 18 қыркүйекте Абай университетіне Корея Республикасынан делегация келді. Делегацияны Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ж.Байназар, Филология институтының директоры А.Таңжарықова, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары А.Найманбаев, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н. Конкабаева, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушысы Н.Нам қарсы алды. Делегация құрамында Жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры На Хянгук, TOPIK басқару командасының жетекшісі Ким На Юн, Жаһандық таланттарды қолдау тобы директорының көмекшісі Сеол Ёнбэ, Кореяда оқыту тобы директорының көмекшісі Чонг Мин Ги болды.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды: 1) Кореяда оқу үшін шетелдіктерге GKS (Government Korean scholarship) мемлекеттік стипендиясын ұсыну; 2) корей тілін меңгеру деңгейіне емтихан (TOPIK); 3) білім беру саласындағы халықаралық алмасу; 4) Кореяға шетелдік студенттерді тарту және қолдау.
Сондай-ақ, кездесу барысында делегация Абай университетіндегі оқытушы-волонтер Бэ Мункидің жұмысымен танысты. Қазақстанда іссапарға жіберілген қызметкер қандай ортада және қандай жұмыс жағдайында екендігін, шетелдік оқытушылар үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын, студенттерімен жұмысын бағалады. Кездесу нәтижесінде корей тарапы кафедраның шетелдік оқытушы үшін жасаған ортасын, Бэ Мункидің сабақтарында студенттердің қызығушылығын байқады.
|