қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.09.2023

Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуына арналған салтанатты қабылдау


2023 жылдың 5 қыркүйегінде Алматыда Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті.

 

Қытайдың Қазақстандағы Бас консулы Цзян Вэй өз сөзінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық басшылығымен Қытай-Қазақстан қатынастары жаңа «алтын 30 жылдығына» қарай сенімді түрде ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ атынан іс-шараға стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.Т. Құлсариева қатысты. Университет басшылығының атынан ол Цзян Вэйге атаулы күнге орай құттықтау адресатын тапсырды.

 

Абай университеті педагог кадрларды даярлау, бірлескен зерттеулер жүргізу және т.б. мәселелер бойынша достас елдің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жалғастырады.

 

  alt=