қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.09.2023

Филология факультетінің студенттері орыс постмодернизмі туралы дәріс тыңдады

 

2023 жылғы 26 қыркүйекте Абай атындағы университеттің «Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасында PhD докторы, Загреб университетінің (Хорватия Республикасы) профессоры Яасмина Войводич «Орыс постмодернизмі» сериясынан кезекті дәрісін оқыды. Дәрістердің теориялық негізін құрайтын бірегей материалда осындай күрделі, гибридті «постмодернизм» терминінің хронологиясы да, шығу тегі де қамтылып, соңғы көркем әдебиет үлгілері негізінде оның бүгінгі күні дамуы мен модификациясы туралы мәселе көтеріледі. Әңгімелесу дәрісі барысында студенттер әдебиеттану мен тіл білімінің әртүрлі салалары бойынша алған теориялық білімдерін нақтылай түсуде.

 

Профессор Ясмина Войводичтің дәрістері филолог студенттер үшін соңғы көркем әдебиеттің тенденциялары мен бағыттары туралы жаңа білім алудың бірегей мүмкіндігі болып табылады.

 

  alt=