Негізгі бет
Жаңалықтар
14.06.2017
2017 жылдың 7 маусымында QS Quacquarelli Symonds зерттеу орталығы әлемнің 950 ең үздік жоғары оқу орындарының тізімі көрініс тапқан QS әлемдік университеттер рейтингісінің 14 -ші басылымын жариялады. Жаңа рейтинг қазақстандық жоғары оқу орындарының өз жайғасымдарының жалғастырып келе жатқандығын растайды. Отандық жоғары мектептер арасында 236 орынға жайғасқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көшбасшылық орнын сақтап қалды. Өз кезегінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттер мен оқытушылардың қатынасы, шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі көрсеткіштерін арттырып, QS World University Rankings2018 әлемге танылған 950 ЖОО тізімінде 491+ орынды иеленді.
Рейтингіге Е. Гумилев атындығы Еуразия ұлттық университеті (336+ орын), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (411+ орын), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (501+ орын), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (651+ орын), Қазақ-Британ техникалық университеті (651+ орын) және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (801+ орын ) қатысты.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық деңгейде өз тартымдылығын арттыру мақсаты - сапалы білім беру бағдарламаларына және университеттің мемлекет алдында тұрған педагогикалық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени талаптарымен тығыз қарым-қатынастқа негізделген. QS - ең үздік жоғары оқу орындарының жыл сайынғы әлемдік рейтингісінің нышаны. Рейтингтің мақсаты әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарының жетістіктерін салыстыру, көп салалы ұйымдарға ЖОО таныту болып табылады. Рейтинг 4 негізгі критерийге негізделген: ғылыми-зерттеу қызметінің деңгейі , оқыту деңгейі, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі және интернационалдандыру деңгейі. Рейтингтің әдістемесі алты көрсеткіштен тұрады: академиялық беделі (40%), жұмыс берушілер арасындағы беделі (10%), оқытушыларды білім алушыларға шаққандағы үлесі (20%), дәйексөз көрсеткіші (20%), халықаралық студенттер үлесі (5%) және халықаралық оқытушылар үлесі ( 5%).
Ақпаратты дайындаған: Д.Е. Амирбаева ақпараттық ресурстар бөлімінің веб-аудармашысы |