қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.10.2023

«Сәлем, хайуанаттар бағы» әлеуметтік-еріктілер жобасы басталды


Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде «Сәлем хайуанаттар бағы» тақырыбында әлеуметтік-еріктілер жобасының бірінші отырысы өтті. Оған мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарымен бірге қатысты. Алдымен балаларға хайуанаттар бағындағы жануарлар әлемінің ең ірі өкілдері - жирафтар, пілдер, су сиырларымен таныстыруға арналған экскурсия ұйымдастырылды. Балалар белсенді кері байланыс жасай отырып, осы жануарлар туралы өз білгендерімен бөлісті. Балаларға жануарларды тамақтандыруға мүмкіндік берілді. Бұдан әрі «Байланыс хайуанаттар бағы» бағдарламасы бойынша балаларға қояндар, тасбақалар, кесірткелер - ұстап көруге болатын жануарлар көрсетілді. Балалар мұндай қарым-қатынасқа қатты қуанып, көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Демеушілер тәттілер мен сыйлықтар табыстады.

 

  alt=