Негізгі бет
Жаңалықтар
02.10.2023 «Педагогикалық сыныптар» жобасы жалғасуда!
2023 жылғы 2 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп Алматы қаласы Білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінің директорларымен кездесу өткізді. Кездесуге Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков (модератор), педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева, педагогика сыныптарында сабақ беретін педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамыны қатысты.
Ректор өзінің құттықтау сөзінде мектеп директорларын келе жатқан кәсіби мереке - Мұғалімдер күнімен құттықтап, еліміздің мектептің жоғары білікті педагогтарына деген жоғары қажеттілігін атап өтті. Оқушыларды педагогикалық мамандықты таңдауға кәсіптен бұрын даярлау мәселесін өзектендірді. Университеттің мектептермен жемісті және ұзақ мерзімді ынтымақтастығына сенім білдірді.
Академиялық мәселелер департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков педагогикалық сыныптардың ерекшеліктері мен жұмыс жағдайлары туралы ақпарат берді. Педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева қойылған сұрақтарға жауап беріп, педагогикалық сынып оқытушыларын таныстырды.
Мектеп басшылары жобаға қатысуға үлкен қызығушылық танытып, педагогикалық сыныптардың оқушыларын «Педагог» мамандығына кәсіби бағдарлау құралы ретінде маңыздылығын атап өтті, осы жобаға қатысу мүмкіндігі үшін университет ректорына алғыстарын білдірді.
Кездесу нәтижесінде «Педагогикалық сыныптар» жобасын іске асыру бойынша Абай университеті мен Алматы қаласының 13 мектебімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Оның ішінде Медеу ауданының №98, №64, №19 мектептері; Алмалы ауданының №167, №128, № 67, № 58 мектептері; Әуезов ауданының №141, №122, №104 мектептері; Бостандық ауданының № 93 мектебі мен Жетісу ауданының №109, №2 мектептері бар.
|