қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.10.2023

Абай университетінің ректоры Болат Тілеп Азия ойындарының жеңімпазы Эсмигүл Куюловамен кездесті

 

2023 жылғы 3 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында қола медаль жеңімпазы атанған Өнер, мәдениет және спорт институтының студенті, ҚР Ұлттық құрамасының дзюдошысы Эсмигүл Куюловамен кездесті. Кездесуге «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушысы, дзюдо және самбо күресінен жоғары санатты жаттықтырушы Жомарт Сағындықов қатысты.


Ректор Эсмигүл Куюлованы маңызды спорттық жетістіктерімен құттықтап, оның еңбекқорлығы, дарындылығы және спортқа деген адалдығы барлық университет студенттеріне үлгі болатынын атап өтті. Бұл кездесу Абай университетінің студенттері арасында спорттық және шығармашылық жолындағы дарынды жастарды қолдау мен дамытудың маңыздылығын көрсетеді.


Эсмигүлдің жетістіктері мен спорттық мансабын қолдау мақсатында университет тарапынан студентке 2023-2024 оқу жылындағы оқу ақысына 100% жеңілдік беріліп, университеттің арнайы сыйлықтары табыс етілді. Шәкірттерін ірі жарыстарға дайындаудағы еңбегі үшін Жомарт Сағындықовқа университеттің имидждік өнімдері мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.


Дзюдодан 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Эсмигүл Куюлова өзбекстандық Севинч Исокованы жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл жетістік Қазақстан дзюдо командасына Азиада ойындарында үшінші медаль әкелді.


Университет студенттерінің спорттық жетістіктерін мақтан тұтады және дарынды спортшыларға олардың жаңа биіктерге ұмтылу жолында қолдау көрсетуді жалғастырады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті