Негізгі бет
Жаңалықтар
02.10.2023 «Білім беру стратегиялары: болашақ кадрларды даярлау» халықаралық педагогикалық форум
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Бастауыш білім беру» кафедрасының профессорлары, п.ғ.д Амина Амирова «Hyflex арқылы болашақ педагогтардың кәсіби жетістігі», Жұмабаева Азия «Мобильді технологиялар түрлері мен тиімді бағдарламалар» тақырыптарында зерттеу топтарының отырысын жүргізді.
«Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу» жоба аясында құрылған «Ұлттық қазына» клубының жетекшісі, «6В01303-Бастауыш білім АКТ» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті М.Дүкенбай сөз сөйлеп, 2022-2023 оқу жылында клубтың жүргізілген іс-шаралар студенттер арасында қызығушылық туғызғанын айтты.
Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Асыл Аренова «HyFlex технологиясын қолдану арқылы жоғары мектеп педагогының креативтілігі мен инновациясы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Секция жұмысында «Болашақ бастауыш педагогтерін даярлаудағы нейропедагогиканың маңызы» тақырыбында PhD, аға оқытушы Жәзира Жұмабаева баяндама оқыды.
Зерттеу топтарының отырыстары мен шеберлік сыныпқа, секция жұмысына «Бастауыш білім беру» кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылар құрамы қатысты.
Форум аясында Педагогика және психология институтына қарасты «Бастауыш білім беру» кафедрасының жанындағы «ART» студенттер клубының ашылуы өтті. Клуб жетекшісі - 3 курс докторанты Ақгүл Сихаева, кеңесшісі - қауымдастырылған профессор Гүлбану Сәдуақас.
Клубтың жұмысының алғашқы отырысын «Бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі Азия Жұмабаева ашты.
«ART» студенттер клубының бірінші іс-шарасы Арт-технологияларының «Грим жасау техникасы» тақырыбына арналды. Шеберлік сыныпқа М.О.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының актеры Мағжан Асаубай мен осы театрдың суретші-гримеры Эльзира Тупбаева қатысып, студенттерге грим жасау өнерінің қыр-сырымен таныстырып, грим жасап көрсетті.
Халықаралық форумның «Үздік ғылыми жарияланым» сайысының қорытындысы бойынша Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Гүлназ Сарсенбаева ҚазҰПУ «Хабаршысында» жарияланған «Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамыту мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми мақаласы бойынша 1-дәрежелі Дипломмен және Серік Жайлауұлының жары София Арғынқызының қаржылай сыйлығымен марапатталды. Ғылыми кеңесшісі - профессор Әзия Жұмабаева.
|