06.10.2023
Азияда-2023: Абай университетінің түлегі күміс медаль жеңіп алды
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениеті және спорт институты «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 2023 жылғы түлегі, каратэден ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі Әліқұл Лаура 68 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.
![](/docs/inst_iskustv_kulturi_sporta/5.10.2023.4.jpg)