Магистратураға түсуші талапкерлердің назарына!!!
2020 жылдың 27 тамызы күні жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау басталады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші 5 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін Виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы тапсырады.
Қажетті құжаттар:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) жоғары білім туралы құжат (диплом және қосымша);
3) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар, Жоғары оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелерімен танылған стандартталған GRE, GMAT тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаттар (ҚР БҒМ 31.10.2018 № 600 бұйрығы);
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқасы мен қолданылу мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламаларының тобын және үш ЖЖОКБҰ көрсетеді.