қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.10.2023

«Педагогикалық қызметкерлердің құқықтық мәдениеті: Ашықтық. Адалдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» дөңгелек үстелі  

 

  alt=  

 

2023 жылдың 11 қазанында Абай университетінде «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасы аясында «Педагогикалық қызметкерлердің құқықтық мәдениеті: Ашықтық. Адалдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға «Жаңару» РҚБ төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов, Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры Борис Жапаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев, Алматы қаласы полиция департаментінің өкілі Бауржан Тәжібаев, Абай университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Сабыр Түменбаев, құқықтық мәдениет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жетекші сарапшылар мен практиктер, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

 

Бұл кездесудің мақсаты - мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты талқылау, сондай-ақ жастарға құқыққа қайшы іс-әрекеттерді хабардар ету, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту, кеңес беру.

 

Бейбіт Мамраев іс-шарада талқыланатын мәселенің өзектілігіне тоқталып, болашақ педагог тұлғасын қалыптастырудың маңыздылығын, олардың қоғамдағы орнын және ашық диалогқа дайын болу, мемлекеттің идеологиясы мен саясатын түсіну қажеттігін атап өтті. «Еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты. Ұлтты қалыптастыратын үш құндылық бар: еңбекқорлық, қарапайымдылық және үлкендерге құрмет. Бүгінгі кездесу бір-бірімізбен тәжірибе алмасуға, озық тәжірибені талқылауға және оқу орындарында құқықтық мәдениетті нығайту жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді», - деді Б.Б. Мамраев.

 

Болат Тілеп: «Педагог - қоғамның болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын бірегей тұлға. Педагогтың құқықтық мәдениеті, шәкіртпен сауатты қарым-қатынасы өскелең ұрпаққа әсер ететіні сөзсіз. Біз сыбайлас жемқорлық қылмыстарының барлық жауапкершілігі мен салдарын түсініп, сыбайлас жемқорлық фактілерінің туындауына жол бермеу үшін олармен үнемі күресуіміз керек», - деді. Ректор сонымен қатар қазіргі уақытта университетте сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, профилактикасы және оның орын алуына жол бермеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

 

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер түсіндіріліп, құқықтық сауаттылық саласындағы озық тәжірибелер ұсынылды. Талқылау ашықтық, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселелеріне, әсіресе білім беру және педагогикалық қызмет контекстіне бағытталды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі және құқықтық мәдениетті нығайтудағы өзекті сын-қатерлерге байланысты мәселелерді белсенді талқылап, тәжірибе алмасты.

 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдар мен «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігіне жолданатын болады. Бұл ұсыныстар педагог қызметкерлердің құқықтық мәдениетін нығайту және білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдағы қадамдарға негіз болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті