Негізгі бет
Жаңалықтар
11.10.2023 Философ-ғалымның көзқарасындағы әлеуметтік ақиқат пен әділеттілік
2023 жылдың 11 қазанында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік сыйлықтың иегері, философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбиттің 85 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылған «Философ-ғалымның көзқарасындағы әлеуметтік ақиқат пен әділеттілік: бүкпесіз әңгіме» тақырыбында ашық пікірталас өтті.
Диалектикалық логиканың бағытының дамуына атсалысқан еліміздегі көрнекті философтың кафедра білім алушыларымен кездесуі көшбасшылық дәріске айналды. Философия саласына келуі мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісе келе жастарға қандай қиындықтар мен кедергілер кездессе де тоқтамау қажеттігінің маңыздылығына тоқталды.
Кездесуге институт, кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шара соңында студенттер мен оқытушылар философқа көптеген сауалдар қойып, тұщымды жауаптарды ести алды.
|