Негізгі бет
Жаңалықтар
13.10.2023 «Жеке тұлғалық даму» тренингі өткізілді
Тренинг топта жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында «Жаңғырық» танысу жаттығуымен басталып, негізгі бөлімде көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және мақсаттарын нақты анықтауға бағытталған «Үш жыл» (Дж.Рейнуотер) және «Табысты адамның келбеті» жаттығуы жүргізілді. Тренингке студенттер өте белсенді қатысып, ойлап жүрген сұрақтарының жауабын алды. Қатысушылардан кері байланыс алу үшін «Шам» жаттығуы жүргізіліп, студенттердің жағымды әсер алып, өздерінің бойындағы көшбасшылық қабілеттері мен тұлғалық дарындарын анықтай алғандығына куә болдық.
Сонымен қатар, тренинг соңында студенттерге психикалық жай-күйін қалыпты деңгейде ұстауға көмегін тигізетін арнайы ұсыныстары бар флаерлер мен визитка таратылды.
«Психологиялық қызмет» орталығы |