ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобасы аясындағы ғылыми тағылымдама
2023 жылдың 9-14 қазан күндері АР19680029 «Халықаралық SAKERS шкалаларын пайдалана отырып, мектептің білім беру ортасының дамушы әлеуетін кешенді психологиялық-педагогикалық бағалаудың теориясы мен технологиясы (өзгертілген нұсқасы)» жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес зерттеу тобының мүшелері педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Әйгерім Көшербаеваның жетекшілігімен Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде (Мәскеу, Ресей) болды.
Қатысушылар сараптамалық бағалау бойынша дәрістерді тыңдап, бағалау жүргізу және шкаламен жұмыс істеу дағдыларын жаттықтырды, Кеңес Одағының Батыры Г.А. Вартанян атындағы №2070 және №547 мектептерде халықаралық SACERS шкаласы арқылы мектептің білім беру ортасының даму әлеуетін кешенді психологиялық-педагогикалық бағалау технологиясымен танысты.
Сапар барысында екіжақты тараптар одан әрі ынтымақтастық, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік ету, бірлескен ғылыми жобалар туралы және т.б. мүмкіндіктерін талқылады. Алдағы екі жылда халықаралық SACERS шкаласын өзгерту мүмкіндігін зерттеу мақсатында қазақстандық мектептерде ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарлануда.