Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті |
Біздің миссиямыз - әлемнің кез келген елінде табысты жұмыс істеуге қабілетті білікті, білімді, ұтқыр мамандарды даярлау.
Көру-2025: Өзінің шығармашылық әлеуетін көрсете алатын, қоғамның түрлі жағдайларына, тұтыну нарығына бейімделген бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Факультет туралы қысқаша мағұлмат «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультеті тарихы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы тарихымен байлансты. 2009-2010 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры академик С.Ж.Піралиев бұйрығымен ДМТмӘ, БӘД кафедрасы құрылды.
Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факултеті құрамына 2 кафедра кіреді: - Дене шынықтыру және спорт кафедрасы (стадион М. Әуезов). - Бастапқы әскери дайындық кафедрасы (стадион М. Әуезов).
Сапалы оқу жүйесін ұйымдастыру үшін факультетте: - 10 оқу кабинеті; - 2 компьютерлік сынып; - 2 спорт залы.
Факультет кадрларды келесі бағыттар бойынша даярлайды: - Шығармашылық пәндер бойынша педагогикалық бағыттағы мұғалімдерді даярлау.
Факультет білім беру бағдарламалары білім берудің үш деңгейі (бакалавриат, магистратура және докторантура) бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады:
Біздің институтта оқудың артықшылықтары: - Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша үздіксіз білім беру; - Педагогикалық/көркемдік бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім гранттары қарастырылған; - Жоғары деңгейдегі білім беру бағдарламасының білім алушыларына шәкіртақы қарастырылған; - Үздік студенттерге Президенттік стипендия тағайындалады; - Студенттер мамандықтарына байланысты Түркия, Литва, Германия, Польша, Францияда білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік практикадан өте алады; - Студенттер өздерінің шығармашылық жұмыстарының көрмелерін қала галереяларында және «Жасампаз» институтының галереясында өткізеді және өз жұмыстарын сатылымға қоя алады; - Студенттер өз мамандықтары бойынша халықаралық және республикалық олимпиадаларға қатыса алады; - Спорт бағыты бойынша Әлем және Азия чемпионаттарына қатысу үшін жоғары дәрежелі спортшыларды дайындаймыз; - Студенттер үшін шетелдік, қазақстандық университеттердің ғалымдарымен, атақты суретшілермен, дизайнерлермен, кәсіби әншілермен, бишілермен, спорт шеберлерімен арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылады; - Сабақты Суретшілер Одағының, дизайнерлер Одағының, ҚР қолөнершілер одағының мүшелері, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары және басқа да халықаралық дәрежедегі танымал спортшылар жүргізеді; - Белсенді студенттер институттың студенттік өзін-өзі басқару мүшесі болады және студенттік клубтарға, үйірмелер мен өнер орталықтарына қатысу арқылы қызықты іс-шаралар ұйымдастырады.
|