қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.10.2023

«Географиялық білім берудегі тұрақты даму мақсаттары» республикалық семинар-тренингі

 

2023 жылғы 16 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының бастамасымен «Географиялық білім берудегі Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбы бойынша 5 күндік республикалық семинар-тренинг басталды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - география мұғалімдеріне ТДМ мазмұнының негіздерін географиялық білім беру процесіне енгізу үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге көмектесу.


Семинар-тренинг гибридті түрде (офлайн және онлайн режимде) ұйымдастырылған. Тренинг тыңдаушылары - Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің мектеп мұғалімдері, ЖОО оқытушылары, магистранттар мен докторанттар, болашақ география пәні мұғалімдері.


Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ стратегия, интернационалдандыру және цифрландыру жөніндегі проректоры А.Т. Құлсариева ашты. Өз сөзінде проректор адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі ТДМ маңыздылығына, сонымен қатар Times Higher Education Impact Rankings, QS, UI Green Metric рейтингтерінде және тұрақты даму үшін білім берудегі Жаратылыстану және география институтының жұмысына тоқталып өтті.


Географиялық білім берудегі ТДМ туралы Жаратылыстану және география институтының директоры К.Д. Каймулдинова сөз сөйледі. Ол тыңдаушылардың назарын тұрақты болашаққа арналған білім беру үрдістері мен технологияларына аудара отырып, неліктен география барлық 17 ТДМ-ны қамтуға қабілетті екендігін атап өтті. Баяндамашы өз сөзінде Жаратылыстану және география институтының басым ғылыми бағыттарына, оның ішінде ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі қаржыландыратын тұрақты даму саласындағы 9 жобаға егжей-тегжейлі тоқталды.


ТДМ-4 «Сапалы білім» бойынша «Teacher`s Lab» Бас директоры С.Ж. Зейнолла сөз сөйледі. Ол білім беру көптеген басқа мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін орталық ТДМ екенін атап өтіп, сонымен қатар, теңсіздікті (соның ішінде гендерлік теңсіздікті) азайтуға көмектесетіндігіне дәлелдер келтірді. «Сонымен қатар, адамдар сапалы білім ала алатын болса, олар кедейлік циклінен шыға алады. Білім беру бүкіл әлемдегі адамдарға салауатты және тұрақты өмір салтын ұстануға көмектеседі, білім - адамдар арасындағы төзімділікке тәрбиелеудің негізі және бейбіт қоғамға ықпал етеді» - деп атап өтті Сәуле Жанатқызы.


Бұдан әрі экономикалық зерттеулер институтының ТДМ жөніндегі Хатшылықтың жетекші сарапшысы Абуов А.Ж. «Қазақстанның ТДМ-ға қол жеткізудегі ілгерілеуі және болашаққа арналған міндеттер» тақырыбында баяндама жасады. Бұл баяндама болашақ география педагогтарын ерекше қызықтырды, өйткені презентацияда Қазақстан өңірлерінде ТДМ-ға қол жеткізуге мүмкіншілік берер жолдарына бінеше мысал берілді.


Тренингті ұйымдастырушылар г.ғ.к. А.В. Белый, PhD докторы, география және экология кафедрасының аға оқытушысы Н.Д. Шакирова және г.ғ.к., Жаратылыстану және география институты директорының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары К.К. Муздыбаева ТДМ-1 «Кедейлікті жою», ТДМ-2А «штықты жою», ТДМ-3 «Денсаулық және әл-ауқат» және ТМД-5 «Гендерлік теңдік» мақсаттар бойынша баяндама жасады. Спикерлер осы тұрақты даму мақсаттарын міндеттері туралы, әлем және Қазақстандағы ахуал туралы, олардың жетістіктері үшін қабылданып жатқан іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ географияның қандай бөлімдерінде және осы ТДМ қалай зерделеуге болатыны туралы ұсыныстар берді.


Әр баяндамадан кейін аудиториямен интерактив, сұрақ-жауап сессиялары өткізіліп, семинар-тренингтің бірінші күнінің соңында «Quiz of the Day» тесті өткізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=