Негізгі бет
Жаңалықтар
17.10.2023 Академиялық адалдық кодексі бойынша жұмыс жүргізілді
2023 жылдың 14 қазанында Абай университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, профессор Жанбеков Хайрулла Филология институтының 1 курс студенттеріне Академиялық Адалдық Кодексі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл құжат университет студенттерінің оқу үлгерімін анықтайтын негізгі ереже болып табылады. Адалдық кодексінде студенттердің білім алуы, университеттің ішкі ережелерін қатаң сақтауы және ғылыми жұмыстармен айналысқан уақытта, көшіріп алу, басқа материалдарды рұқсатсыз пайдалану, сессия уақытында өзге де тиым салынған заттарды пайдаланбау жөнінде ақпараттар берілген. Департамент директоры Адалдық кодексінде көрсетілген маңызды мәліметтермен студенттерді таныстырып, көкейде жүрген сауалдарына жауап берді.
|