қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.10.2023

«Мұғалімдердің білім беру моделі: білім беру бағдарламасын әзірлеудегі тұжырымдамалар мен тәсілдер» вебинары

 

2023 жылдың 16 қазанында «Педагогика ғылымдары» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің 2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ базасында жоба тобының ұйымдастыруымен жаратылыстану-ғылыми пәндер (химия, биология, география) мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағытында вебинар ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Қарастырылып отырған «Мұғалімдердің білім беру моделі: білім беру бағдарламасын әзірлеудегі тұжырымдамалар мен тәсілдері» тақырыбы қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары педагогикалық білімін дамыту үшін өзекті болып табылады.

 

Вебинарға онлайн және офлайн режимде 65 қатысушы, оның ішінде 15 жетекшілік ететін оқыту бағыттары бойынша Қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері, арнайы және жалпы білім беретін оқу орындарының мамандары, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қатысты.

 

Вебинарды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Нарбекова Бану Мұқатайқызы ашты. Модератор география пәні мұғалімдерін даярлау жөніндегі жоба тобының жетекшісі Бейкитова Альбина Нұрахметқызы болды.

 

Вебинарда спикер Әлия Сағитқызы Сүлейменова (Назарбаев Университетінің академиялық сапа жөніндегі директоры) «Білім беру бағдарламаларын жобалаудағы жаңа үрдістер» тақырыбын талқылады.

 

Спикер Руслан Әділханұлы Қаратабанов (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-Президенті) «Құндылыққа негізделген білім беру бағдарламасының дизайны» мәселесін көтерді.

 

Спикер Ізбасарова Римма Шаймерденқызы (п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры) «Білім беру бағдарламаларының мазмұндық компонентін жетілдіру» тақырыбына назар аударды.

 

Вебинарда қатысушылар келесі сұрақтарды талқылады: «флюидті қоғам» және оның Оқу бағдарламаға әсері; оқыту мен бағалаудағы қазіргі тәсілдері; білім берудегі жасанды интеллект; фин мұғалімдерін оқытудың кейбір аспектілері; құндылықтарды сіңіруге арналған педагогикалық жобалау; оқу нәтижесіндегі құндылық бағдарлары; білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын жетілдіру.

 

Жиын соңында қатысушылар білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.

 

  alt=  

 

  alt=