қазақша · русский · english
 
Баспасөз қызметі
 
 

 

 Римма Абдықадырқызы
Баспасөз қызметінің басшысы
Техника және технология магистрi
Достық даңғылы, 13
 +7(727)-293-86-38
r.abdykadyrkyzy@abaiuniversity.edu.kz

 

 

Баспасөз қызметінің мақсаты - қоғамды университет қызметінің әртүрлі бағыттары туралы ақпараттандыру арқылы ішкі және сыртқы ортада Қоғамның оң имиджін қалыптастыру; веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде жаңалықтарды тарату арқылы БАҚ және жұртшылықпен тиімді байланыс орнату; сонымен қатар университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық жұмысын үйлестіру.

 

Міндеті:

-  университет пен қоғам арасында ашық әрі тиімді байланыс орнату;

-  қоғамдағы университеттің оң имиджін қалыптастыру;

-  БАҚ-та университеттің негізгі оқиғалары, жобалары, бастамалары мен жетістіктері туралы ақпарат беру;

-  Қоғамның веб-сайтындағы «Жаңалықтар», «Хабарландырулар», «БАҚ біз туралы», «Фотогалерея» бөлімдерінде ақпараттық қолдау көрсету және материалдарды орналастыру және Қоғамның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын жүргізу, сайтқа кірушілермен кері байланыс орнату;

-   ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Баспасөз қызметінің өкілдерімен өзара бірлесіп жұмыс жүргізу;

-   ақпаратты тарату және медиалық сұраныстарды үйлестіру үшін БАҚ өкілдерімен өзара әрекеттесу;

-   қызметкерлер мен студенттерді университеттің маңызды оқиғалары мен жаңалықтарынан хабардар ету үшін ішкі коммуникацияны үйлестіру;

-  «Ректор блогы» бөліміне түсетін азаматтардың өтініштерін уақтылы және толық қарауды қамтамасыз ету, олардың жауапты тұлғаларға жетуіне көмектесу, құпия деректерді қорғауды ескере отырып, өтініш берушілерге жауап жіберу; өтінімге тиісті ұсыныстар дайындау;

-   Университет өмірінің маңызды іс-шаралары туралы жаңалықтар сипатындағы мәтіндік және фотоматериалдарды дайындау, алдағы өтетін іс-шаралар туралы баспасөз хабарламалары мен жаңалықтары туралы пресс-релиз тарату.

 

 

Ақпаратты abaiuniverpress@abaiuniversity.edu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.