«Action Research лабораториясы» |
Жобаның мақсаты - жоғары оқу орындары педагогтарының ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыруды Action Research (Іс-әрекеттегі зерттеу) сынды ғылыми зерттеулердің бейресми формаларын жүйелі интеграциялау негізінде ғылыми және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Лаборатория №05-04/284 (17.04.23ж.) бұйрығы негізінде 2022 жылғы 18 қазандағы № 235/30-22-24 гранттық қаржыландыруға байланысты ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру туралы келісім бойынша жобаны іске асыру мақсатында ашылды.
Міндеттері:
1. Педагогикалық зерттеудің саласы іс-әрекеттегі зерттеу Абай университетінің біліктілік орталығы ретінде қалыптасуы, зерттеудің бейресми нысандарын кәсіби тәжірибеге біріктіруді көздеп, тәжірибеге бағытталған ғылымның және ғылымға бағытталған тәжірибенің маңыздылығын арттыру үшін профессорлық-оқытушылық құрамның, жас ғалымдардың, докторанттардың, магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту тұжырымдамасын іске асыру.
2. Университетте бірыңғай ғылыми-зерттеу кеңістігін құру негізінде оқытушылардың ғылыми-зерттеу өнімділігін ынталандыру, профессорлық-оқытушылық құрамның «оқытушы» лауазымынан «оқытушы-зерттеуші» лауазымына кезең-кезеңімен ауысуын бағдарлау. 3. Бейресми зерттеу әдістерінің кәсіптік тәжірибені өзгерту және жетілдіру, ғылыми-зерттеу белсенділігін дамытудағы артықшылықтарын профессорлық-оқытушылық құрамы, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар арасында кеңінен тарату. 4. Жас ғалымдар, докторанттар, магистранттарға Action Research-ті кәсіби тәжірибеге кіріктіру, педагогикалық мәселелерді тәжірибеде шешу, университетте тәлімгерлік үдерісін ұйымдастыру, Action Research бойынша сараптамалық бағалау жүргізу үшін қажетті дағдылармен қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау. 5. ЖОО-ның Жарғы қызметіне қайшы келмейтін ақылы қызметтер мен жұмыстар арқылы табыс табу (шеберлік сабақтар, семинарлар, тренингтер, вебинарлар, кеңес беру және т.б.). 6. Отандық және шетелдік университеттермен, ғылыми және оқу орталықтарымен, зертханалармен, мекемелермен ғылыми ынтымақтастық орнату (ғылыми конференциялар, ғылыми тағылымдамалар, бірлескен ғылыми жобалар, стартаптар). 7. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және практикалық-бағдарланған зерттеулерді жүргізудің нысандары мен әдістерін жетілдіру (Әрекеттік зерттеулерді жүргізу бойынша нұсқаулықтарды, әдістемелік ұсыныстарды, нұсқаулықтарды әзірлеу).
Зертхананың құрылуы педагогикалық теория мен практиканың интеграциясын күшейтуге, жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыруға, зерттеу тақырыптарын әзірлеуге және жаңартуға, университетте Іс-әрекеттегі зерттеу Тұжырымдамасын тиімді енгізуге мүмкіндік береді.
Болашақ стратегиялық басымдықтары: бакалавриат деңгейінде ғылыми-зерттеу жұмысын жаңғырту, 1 курстан бастап студенттердің оқу тәжірибесіне ғылыми-зерттеу компонентін кіріктіру, педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыру үшін жаңа базалық пәндерді әзірлеу.
Жоба: IRN AP14872311 «Action Research ретінде зерттеудің бейресми нысандарын тәжірибеге біріктіру негізінде университет оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың теориясы мен технологиясы»
Жобаның негізгі идеясы - Action Research сынды ғылыми зерттеулердің бейресми нысандарын тәжірибеге интеграциялау арқылы университет оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметін дамыту. Жоба зерттеу үдерісінің сапасын дамыта отырып, негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Педагогикалық болмыс шығармашылық деңгейі жоғары, зерттеушілік құзыреттілігі жоғары, кәсіби қызметінде ғылым мен техниканың жаңалықтарын тәжірибенің нақты талаптарымен шебер ұштастыра алатын жаңа форматтағы педагогтерді қалыптастыруды талап етеді.
Сондықтан қалыптасқан жағдайлардың ізімен жүрмей, педагогикалық тәжірибеге қатысты белсенді және бағыттаушы рөл атқаруы үшін ғылыми проблемалардың жинақталған тізбегі және ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың бейресми нысандарын енгізу қажеттілігі анықталды.
Зерттеу тобының құрамы: 1. Берикханова Айман Еженхановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-зерттеушісі, жоба жетекшісі, ГНС. Scopus Author ID: 57211755768, h-индекс 2 ORCID: https://orcid.org/0000-0002-7870-5516 Web of Science Researcher ID: АБА-1131-2020 https://scholar.google.ru/citations?user=Py9Trm4AAAAJ&hl=ru: h-индекс - 4 2. Сарсенбаева Лязиза Оналбаевна, психология ғылымдарының кандидаты, ВНС. Scopus Author ID: 55866251200, h-индекс-6 ORCID: https://orcid.org/0000-0002-4630-9666 3. Сапаргалиева Баян Оралхановна, PhD докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры. ВНС ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0876-5142, индекс h - 2 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57209217092 4. Асилбаева Фатима Бекмуратовна, п.ғ.к., ассоц. проф. м.а. СНС ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0965-8314, индекс h - 1 Scopus Author ID: 57191432611 5. Ибраимова Жанар Кажибаевна, п.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, СНС ORCID: https://orcid.org/0000-0002-6117-4237 6. Байдильдинова Дана Калковна, «Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика магистрі, Ресей, Алматы қ. ХБН НЗМ, педагог-сарапшы.НС. 7. Жекеева Аққалам Есімбекқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты, МНС ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1779-8819 8. Байжуманов Арнур Нурланович, «Информатика» магистрі, МНС ORCID: https://orcid.org/0009-0006-8948-4380
Байланыстар: Action Research Laboratory: e-mail: actionresearch.kz@gmail.com +7 707 462 0915 - Berikhanova Aiman +7 701 358 0330 - Ibraimova Zhanar Classroom: https://classroom.google.com/u/0/c/NjYxNTQ0Njk4MTA1?hl=ru Social media: YouTube channel «Action Research Laboratory»: https://www.youtube.com/channel/UCc3L94PveDS9y9GCnZuM8yg Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100004459518284&locale=ru_RU Instagram channel «action_research_laboratory»: https://www.instagram.com/action_research_laboratory/?img_index=1
|