қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.10.2023

«Жаңа мүмкіндіктер үшін TEDx платформасын таратуға лайықты идеялар» тренинг-семинары


2023 жылдың 18 қазанында Жаратылыстану және география институты «8D01513-Биология» мамандығының 2 курс докторанттары А.М.Абдиева, Ф.Б.Ниетбаева, А.С.Бакирова педагогикалық практика аясында «Жаңа мүмкіндіктер үшін TEDx платформасын таратуға лайықты идеялар» атты семинар-тренинг өткізді. Тренингке «6В01513-Биология» мамандығының 3 курс студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты.

 

А.М.Абдиева «Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспар» тақырыбында баяндама жасап, студенттерді білім берудің негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырды. Ф.Б.Ниетбаева «Қысқа мерзімді жоспардың құрамдас бөліктері» тақырыбын қарастырып, студенттермен бірге әртүрлі оқыту әдістерін талдады. А.С.Бакирова «Сабақтарға қажетті қосымшалар және мұғалімнің цифрлық онлайн қызметтері» және "Мұғалімге қажетті жасанды интеллект құралдары" тақырыптарында тренинг жүргізді. Студенттер интернет платформаларының көптеген қосымшаларымен танысты, «Class Dojo» және «EON Reality» платформаларында тапсырмалар орындады.

 

Семинар-тренинг соңында студенттер туындаған сұрақтарына жауаптарын алды және осындай тренингтерді жиі өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=