қазақша · русский · english
 
 
 

 

Достық даңғылы, 13

 

Халықаралық рейтингтер бөлімі Абай атындағы ҚазҰПУ Cтратегия департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Бөлімнің негізгі мақсаты Қоғамның университеттердің халықаралық рейтингтеріне белсенді қатысуын және алға жылжуын қамтамасыз ету арқылы жоғары позицияларға жеткізу мен беделін жақсарту.

 

Бөлімнің міндеттері:

1.   Халықаралық рейтингтерге қатысу және алға жылжуы бойынша Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

2.   Университеттердің халықаралық рейтингтерінің талаптарына сәйкес Қоғамның деректерін ұсыну және бағалау жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз ету.

 

Бөлім функциялары:

1.   Университеттердің халықаралық рейтингтерінің әдістемелеріне сәйкес деректерді жинау, бағалау, енгізу және талдауды жүзеге асыру.

2.   Халықаралық рейтингтік агенттіктердің ресми өкілдерімен өзара әрекеттесу.

3.   Қызметкерлердің құзыретін арттыру мақсатында рейтингтік агенттіктер өткізетін іс-шараларға қатысу.

4.   Қоғамның басшылығына, басшылық құрамына және қызметкерлеріне халықаралық рейтингтерге қатысудың қол жеткізілген нәтижелері туралы хабарлау.

5.   Қоғамның ресми сайты арқылы рейтингтерге қатысу нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

6.   Университеттердің халықаралық рейтингтерінде Қоғам деректерінің өзектілігін бақылау.