Негізгі бет
Жаңалықтар
23.10.2023 Республика күніне арналған «Отаным менің - Қазақстан» мерекелік іс-шарасы
Іс-шара мақсаты: Студенттерді өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, киімін, салт - дәстүрін, рәміздерін қастерлейтін, өз елін, тегін, тарихын білетін саналы да парасатты азамат болуға тәрбиелеу, сонымен қатар студенттердің болашақта мектеп оқушыларымен сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізе алуға даярлау.
Мерекелік іс-шараға педагогика кафедрасының меңгерушісі, професссор Шолпан Колумбаева, «Шет тілі: екі шет тілі» білім бағдарламасы кафедрасының меңгерушісі Серик Иватов және педагогика кафедрасының доценті Светлана Жумашева қатысып, іс-шараның тәрбиелік мәні мен мазмұнына ерекше тоқтап, ұйымдастырушылар мен студенттерге үлкен алғыстарын білдіріп, жоғарғы деңгейдегі бағаларын берді.
|