қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.10.2023

Корей тілінен олимпиада


2023 жылдың 20 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-де алғаш рет корей тілін оқитын студенттер арасында ауызша олимпиаданың бірінші кезеңі өтті. Олимпиадаға «Ағылшын тілін меңгерген шығыс (корей) тілі мұғалімі» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарының 2 және 3 курс студенттерінен 23 студент қатысты. Байқаудың алдында шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Қонқабаева студенттердің барлығына сәттілік тілей отырып, қазылар алқасына университет атынан алғысын білдірді. Байқауға арнайы шақырылған қонақтар қазылық етті:

1. Ю Бён Су - «Юнион партнершип», бас атқарушы директоры;
2. Пак Ын Джи - Корея білім орталығының оқытушысы;
3. Кан Тэ Квон - АТ мемлекеттік корпорация өкілдігінің директоры.


Ауызша олимпиаданың 1-кезеңінде Абай деген сөзге 3 жолды өлең шумақтарын құрастыруға арналған жеке сайыс дайындалды. Студенттердің көпшілігі қатысып, соның ішінде 5 студент үздік деп танылып бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жарыстың өзінен бөлек, көрермендер арасында лотерея ойнатылып, жеті көрерменге сыйлық берілді. Екі сыйлықты, яғни танымал Black Pink тобының CD дискісін Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы корей білім беру орталығы табыс етті.

 

Oлимпиадаға қатысқан 23 қатысушының барлығына естелік сыйлықтар табыс етілсе, үздік өнер көрсеткендер 10 мыңнан 40 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 1 және 2 орын алған студенттер қараша айында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ өтетін корейтану бойынша халықаралық олимпиадаға жолдама алады.

 

  alt=  

 

  alt=