қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.09.2012

Физика-математика факультетіне Қытай Халық Республикасы Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданынан, Ғылым және техника Министрлігі Ғылым бойынша департаменттің бастығының орынбасары Шарападин Шамши басшылығымен делегация келді. Делегация құрамында ҚХР Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданы Орта Азия ғылыми-техникалық және экономикалық ақпараттар Орталығы директорының орынбасары Хи Джисян да болды.
Кездесу Абай атындағы ҚазҰПУ университеті мен Орта Азия ғылыми-техникалық және экономикалық ақпараттар Орталығымен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде өтті. Делегациямен физика-математика факультетінің деканы М.Ж.Бекпатшаев кездесті. Ол өзінің құттықтау сөзінде университеттің тарихы, ғылыми-зерттеулердің негізгі бағыттары, ақпараттық технологиялар мен физика-математикалық білім беру саласында жоғары білікті мамандарды дайындау тәжірибелері туралы әңгімеледі.
Делегация жетекшісі Шарапидин Шамши жауап сөз ретінде ҚХР Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданы Ғылым бойынша Департамент туралы мәліметтер айтты, Хи Джисян Орта Азия ғылыми-техникалық және экономикалық ақпараттар Орталығының қызметі туралы әңгімеледі.
Информатика және қолданбалы математика кафедрасы оқытушыларымен кездесу еркiн жағдайда өттi. Кафедра меңгерушiсi профессор А.С.Бердышев кафедраның қызметкерлері жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қонақтарды таныстырды. ҚХР Ғылым және техника Министрлігі өткізетін халықаралық семинарлар жұмысына кафедра оқытушыларының қатысу мәселелері талқыланды.
Кездесу нәтижесі студенттермен академиялық ұтқырлықты екі жақты ұйымдастыру, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу туралы, соның ішінде халықаралық бағдарламалар бойынша, жаңа техника мен технологияларды бірлесіп жасау болып табылды. Қойылған міндеттердің жүзеге асуы екі жақтың ішкі резервтері есебінде, екі жақтың жеке тақырыптық келісім шарттары негізінде іске асатын болады. Жетекшiлер кездесулер уақытында ынтымақтастық және екі жақты өзара қатынас жайлы келісімге қол қою қажеттілігі туралы уәделесті.