қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.10.2023

Педагогика және психология институтында БМПУ доценті Сорока Оксана тағылмдамадан өтті

 

2023 жылдың 16-20 қазан аралығында М. Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Сорока Оксана Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтында тағылымдамадан өтті.


Тағылымдама аясында және жеке біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес "Бастауыш білім беру" мамандығы бойынша психологиялық-педагогикалық даярлықты ұйымдастыру" тақырыбы бойынша Сорока Оксана институт директоры, доцент Г. Абаева, директордың орынбасары, профессор М. Абсатова, кафедра меңгерушісі, профессор А. Жұмабаева, профессор А. Аренованың дәрістерін тыңдады.


Сондай-ақ, тағылымдама шеңберінде доцент О.Сорока Бастауыш білім беру мамандығының студенттері мен магистранттарына "Дербес білім беру ортасын жобалау" тақырыбы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.


Институт директораты О.Сарокаға тағылымдамадан өткені туралы сертификат пен алғыс хат табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=