қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
24.10.2023

Көлік министрлігі логистиканы дамытады - Құсайынов

 



Жолдау Қазақстан экономикасын дамытуға бағыт-бағдар береді.

 

Президентіміздің осы жылғы жолдауы Жаңа Қазақстанды әлем кеңістігінде нық басуға, халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген Жолдау деп айтуға болады.


Әрине, Жолдау негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуді алға қойғанымен, басты мәселе ретінде экономикамыздың нық басуына бағытталған, атқарушы биліктегі күрделі мәселелерді шеше отырып, инфрақұрылымдық өзгерістерді нық және батыл шешкен іс-шаралармен осы Жолдау ерекшеленді деп айта аламыз. Себебі бірнеше министрліктер пайда болды. Әсіресе, бұл жерде соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне су тапшылығының байқала бастағанын болжаған Мемлекет басшысы осы саламен арнайы айналысатын министрлік ашуы, еліміздің логистикалық әлеуетін ескере отырып, жаңадан Көлік министрлігін, әлемдік экономикада ерекше орын ала бастаған туризмнің болашағын ескере отырып және экономикамыздың әрқашан да драйвері болып есептелетін өндіріс пен құрылыс министрлігінің ашылуы Мемлекет басшысының осы бағыттағы түбегейлі өзгерістер әкелетін шешімі деп айтуға болады.

 

Осы өзгерістердің барлығы мемлекетіміздің материалдық базасын нығайтып, әлеуметтік бағдарламаларға, ғылым мен білімге қаржы бөлуге мүмкіндіктерді күшейтетіні анық. Соның дәлелі ретінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен адами капиталды арттыруға бағытталған жұмысқа есеп берді. Мұғалімдердің айлығы соңғы 3 жылда 2 есе артуы; дәрігерлер жалақысының нағыз орта тап табысына жетуі; «Ұлттық қор - балаларға» жобасы - өзінің президенттік бағдарламасындағы берген уәделерін жүзеге асырудың алғашқы баспалдақтары деп санаймыз.

 

Осы Жолдауда көрсетілген мәселелердің негізі адам ресурстары арқылы шешілетіні айдан анық. Еліміздің ұстаздарының тамыз конференциясына жолдаған Президент телеграммасында «Бәсекеге қабілетті мемлекет - білімді ұрпақтың қолында», - делінген. Ал енді бұл ұстаздар қауымына, әсіресе, ұстаздарды дайындайтын біздің Абай университеті ұжымына бағытталған тапсырма деп түсінеміз.

 

Авторы: Дәуренбек ҚҰСАЙЫНОВ,

Абай атындағы ҚазҰПУ Саясаттану, әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры

24.10.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz