Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
27.10.2023 Абай университеті 12 жаңа білім беру пилоттық бағдарламасын іске қосты
Абай университеті 12 жаңа білім беру бағдарламасын пилоттық түрде іске қосты Абай университеті Финляндия мен Назарбаев Университетінің сарапшыларының қатысуымен «Педагогикалық әлеуетті күшейту» жобасы аясында әзірленген мұғалімдерді даярлау бойынша 12 инновациялық білім беру бағдарламасын пилоттық түрде іске қосты. Аталған бағдарламалар бойынша университет география, физика, математика, информатика, арнайы педагогика, көркемдік білім, музыкалық білім, дене шынықтыру және тарих-әлеуметтік зерттеулер пәндері бойынша жаңа форматтағы мектептердің болашақ мұғалімдерін даярлайды.
Жаңа бағдарламаларға барлығы 718 адам қабылданды, оның 63-і магистратура бағдарламаларын таңдады. Бұл бағдарламалар іс жүзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 5 қазандағы І Республикалық педагогтар съезінде сөйлеген сөзіне жауап болып табылады. «...Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдерін даярлау үшін STEM (Science Technology Engineering and Math) оқыту ортақ технологиясы қолданылады. Жаңа бағдарламаларда пәндерге емес, мұғалімнің еңбек әрекетіне негізделген құзіреттілікке баса назар аударылған. Құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламасының сапасы студентке бағдарлануында және оқу үдерісіне дейін, барысында және одан кейін құзыреттіліктерді бағалау, анықтау және тануда қолданудың ыңғайлылығымен көрінеді.
27.10.2023 ж. Ақпарат көзі: qazaqadebieti.kz |