қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.10.2023

Психолог-студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілеттерін дамытуға бағытталған зияткерлік ойындар өткізілді

 

2023 жылдың 28 қазанында Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының тәрбие жұмысының жылдық жоспары шеңберінде «Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру» тақырыбында студенттік топ ішінде психологиялық ахуал орнатуға бағытталған іс-шара өткізілді.

 

Аталған іс-шараға топтың эдвайзері, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Перизат Дауткалиеваның басшылығымен «6В03111 - Практикалық психологты даярлау» мамандығының 3-курс студенттері қатысты.

 

Зияткерлік ойындардың мақсаты - білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру.

 

Іс-шара барысында өзін-өзі дамыту қабілеттерін дамытуға бағытталған тренингтік жаттығулар, «Үшбұрыш» жаттығуы, кері байланыс алуға бағытталған «Алты қалпақ» ойыны өткізілді. Ойындарға бітіруші курстың студенттері Белгібаев Батыр, Глотов Руслан, Нұржанқызы Сая белсенді қатысып, психологиялық тренингтер өткізді. Бұл өз кезегінде бітіруші курс студенттерін 3-курс студенттерімен жақындастыруға және біріктіруге ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=