қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.10.2023

Абай университетінің профессорлары Ферғана мемлекеттік университетінде

 

Ферғана мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ ынтымақтастық туралы меморандум аясында түрлі бірлескен іс-шараларды алғаш рет ұйымдастырып отырған жоқ. Бұл - конференцияларға қатысу, біліктілікті арттыру курстарынан өту, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы.

 

2023 жылдың 23-28 қазан аралығында Ферғана мемлекеттік университетіне іссапар барысында Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының профессорлары Лариса Лебедева мен Әсел Ақпаева болашақ бастауыш сынып мұғалімдері - студенттер үшін элективті курстар өткізді. Лариса Лебедева «Балалар әдебиеті», Асель Акпаева «Есептерді шешу практикумы» курсынан сабақтар жүргізді.

 

Бастауыш білім беру әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Иродахон Холдарова кафедра қызметімен таныстырды. Студенттердің академиялық ұтқырлығы, конкурстарға қатысу және бірлескен ғылыми жұмыстар жайлы келіссөздер жүргізілді.

 

Сонымен бірге, 2023 жылғы 27 қазанда біздің оқытушылар «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің өзекті мәселелері: проблемалар, шешімдер және даму перспективалары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Онда мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің даму перспективалары мен тиімділігін арттыру; мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді жетілдірудің озық өзбек және шетелдік тәжірибесі; экологиялық тәрбие мәселелері; PISA, TIMSS, PIRLS, TALIS зерттеулеріне сәйкес бастауыш білім берудегі пәндерді оқыту әдістемесі; мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту; мектепке дейінгі және бастауыш білім алушыларының ана және шет тілін оқытудың педагогикалық және психологиялық аспектілері; мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтері мен мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттырудың теориялық және практикалық аспектілері; бастауыш білім беру жүйесіндегі психологиялық және физикалық денсаулықты қолдау технологиялары; инклюзивті білім беру мәселелері қарастырылды. Бұған қоса, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, жеке және отбасылық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Цифрлық экономика дәуіріндегі ата-аналармен жұмыс жасаудың басымдықтары. Ғылым, білім, интеграция.

 

Педагогтер Лариса Лебедева мен Әсел Ақпаева университеттің кіші курстарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дуальды оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда TopIQ.kz электрондық платформасын пайдалану ерекшеліктері туралы баяндамалар жасады.

Біздің педагогтердің қатысуы конференцияның сәтті өтуі және жоғары оқу орындарының өзара ынтымақтастығы үшін маңызды болды.

 

  alt=  

 

  alt=