қазақша · русский · english
   
Басшылық

Мазбаев Орденбек Білісбекұлы-География - экология факультетінің деканы,

география ғылымдарының докторы, Абай атындағы ұлттық педагогикалық универститетінің профессоры

28 сәуірде 1954 жылы туған, қазақ.

1976 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының жаратылыстану және география факультетін, география -биология мамандығы бойынша бітірген.

1993 ж. Қазақ Білім Академиясының диссертациялық кеңесінде педагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Шифры 13 00 00,1300 02.2010 ж. (25.00.23) мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1998 ж. «География» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2003 ж Абай атындағы университетің профессоры, 2010 ж Тұран университетінің професоры.

2008 ж. Халықаралық Мәскеу балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының академигі болып сайланды.  Академияның «Алтын компас» иегері.

Мазбаев.О.Б. мектепте мұғалім директордың оқу ісі менгерушісі, Оқушылардың халықаралық туризм  және өлкетану орталығының директоры болып қызмет атқарды.  Жоғары оқу  орындарында  ассистенттік университет профессоры дәрежесіне дейін көтерілді. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының «Білім беру үздігі», 2008 ж. ҚР туризміне  еңбек сіңірген «Туризм  нұсқаушысы», 2010 ҚР «Құрметті туризм  қызметкері», «Жоғарғы  санатты педагог». О.Б. Мазбаевтың жалпы ғылыми - педагогтық өтілі  36 жыл, оның 20 жылы Абай атындағы университетпен байланысты. География- экология факультетінің түлегі.

 Мазбаев О.Б. әртүрлі деңгейдегі ғылыми практикалық конференцияларға белсенді қатыса отырып өзінің кәсіби деңгейін үнемі көтеріп отырады.  Қазақ және орыс тілдерінде  негізгі арнайы пәндерден («Туризм менеджменті және  маркетингі», «Туризм негіздері», «Туризмология», «География және туризмді оқыту әдістемесі») дәрістер оқиды. Оның жетекшілігімен «Туризм»  кафедрасында  2 спорт шеберіне кандидат, 80 1 разрядты туризмнен бағдарлау бойынша  спортшылар дайындалды.

Мазбаев О.Б. соңғы жылдары  екі ауқымды халықаралық ғылыми -танымдық экспедицисын ұйымдастырып, ғылыми жетекші болды. (Оңтүстік Полюске бағытталған тұнғыш Қазақстандық автокөліктік экспедиция желтоқсан  2011ж., «Аңызды Қазақстан» атты Қазақстан бойынша ғылыми танымдық экспедиция қырқүйек 2012 ж.)

Мазбаев О.Б. Қазақстандағы туризмді дамытуға атсалысып, туризм географиясын дамытуға үлкен үлес қосуда. Ғалымның зерттеу нәтижелері өндіріс пен оқу үрдісіне енгізілуде. Мысалы: Қазақстан  2013 жылы халықаралық Антарктида келісімшартына  ене отырып, Қазақстандық Поляр стансасын ашу т.б..

Акпараттық құралдар арқылы  (радио, телевидение) жарнамалық і с- әрекеттер жүргізілуде. Туризм  кафедрасының  профессоры ретінде  студенттерге қатаң талап қоя біледі. Қазақстан Республикасының  туристік  активі  мен студенттері, ұстаздары  алдында беделді.

 2009-2012 жж. География  институтының іргелі және қолданбалы зерттеулері бойынша  жауапты атқарушы.  Негізгі зерттеу нәтижелері монография түрінде басылымда. Ғалымның ғылыми көзқарастарының қалыптасуына  Ресейлік және Қазақстандық жетекші мектептер мен ғалым географ, педагог-әдіскерлер  А.А.Остапец Свещников., Л.М.Панчешникова, академик А.С.Бейсенова, А.Р.Медеу және т.б. ықпал тигізді.

 Оның ғылыми көзқарастары мен бағыттары - жоғарғы оқу орындарында  мамандар даярлау және туризмнің географиялық педагогикалық проблемалары. (реестр және кадастр).

О.Б. Мазбаевтың зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі, теориялық және методологиялық деңгейі жағынан Қазақстанда кадр дайындаудың негізін салуда ерекшелінеді. Алғаш рет оның жетекшілігімен 2004 ж бастап бакалавриат пен магистратура докторантураға арналған  ҚРЖМБС және Білім беру  стандарттары жасалынды. Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуының географиялық негіздері ғылыми тұрғыда  зерттелінді. Зерттеу нәтижелері өндіріске енгізілді. Жалпы  310 астам ғылыми әдістемелік еңбектері жарық көрді, оның ішінде  жоғары және орта мектептерге арналған оқулықтар, оқу құралдары және мультимедиялы электронды оқулықтар бар.

 Педагогика және туризм географиясы саласында қалыптасқан  мектептермен жұмыс істейді. Көптеген бакалавр, магистрлер дайындау мен қатар 3 ғылым кандидатының жұмыстарына жетекшілік жасады.

Ол аль-Фараби атындағы ҚазҰУ докторлық PhD   диссертациялық  кеңесінің, Қырғыз Республикасының кандидаттық және докторлық қорғау кеңесінің мүшесі.  6 ғылыми, әдістемелік, танымдық журналдардың редколлегия мүшесі.

 

 Увалиев Талгат Ошанович-факультет деканының оқу істері жөніндегі орынбасары  

Абай атындағы ҚазҰПУ доценті

1954 жылы 14 шілдеде Алматы облысы Қаратал ауданының Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазПИ-дің жаратылыстану-география факультетін үздік белгімен бітірген соң орта мектептерде география пәнінің мұғалімі болған. Кейіннен партия-комсомол органдарында, оның ішінде Алматы тораптық парткомының саяси және экономикалық білім кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1987-1988 оқу жылынан өзі оқыған оқу ордасында оқытушы, ал 1991-2008 жылдар аралығында факультет деканының орынбасары лауазымдарында, яғни  бастапқыда оқу ісі бойынша, ал кейінгі 15 жылғы кезеңде жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Ол 5 жыл  бойы  университет ғылыми кеңесінің мүшесі болса,  ал 20 жылдан аса факультет ғылыми кеңесінің мүшесі. Доцент Увалиев Т.О. 100-ден аса ғылыми-әдістемелік басылымдардың, оның ішінде орта мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 және 11-сыныптарына арналған жаңа буын (әрі электрондық мультимедиялық) оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенінің, студенттерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдарының авторы. Оның редакциясымен бірнеше тақырыптық жинақтар, әлеуметтік-экономикалық және саяси география пәндерінің типтік оқу бағдарламалары жарық көрген. Сонымен қатар «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының барлық 10-томында, «Жетісу» аймақтық энциклопедиясында және мерзімді баспасөз беттерінде 300-ге жуық мақалалары басылған. Бірнеше жылдар қатарынан студенттердің оқу-өндірістік және педагогикалық практикаларын басқарды. Оның жетекшілігімен 50-ден аса  дипломдық  жұмыстар және 6 магистрлік диссертациялар қорғалған.

Алматы облысы мен қаласының білім мекемелерімен өте тығыз байланыста, ондағы біліктілік жетілдіру курстары мен мұғалімдердің тамыз кеңестерінде үнемі дәрістер оқуда. Ол 1990 жылдары Алматы қаласының қазақ мектептеріндегі география пәнінің жас мұғалімдері үшін құрылған семинар жұмысына жетекшілік жасады, әрі «География мұғалімі - 2000» облыстық жыл мұғалімі конкурсын ұйымдастыру және оны өткізу жұмыстарына басшылық жасаған. Университет жанындағы лицейде он жылдан аса географиядан сабақ беріп және лицей-колледждің жаратылыстану пәндері секциясын басқарған. Мектеп оқушыларының - Республикалық, Алматы облыстық және қалалық пәндік олимпиадаларында қазылар алқасының төрағасы және мүшесі ретінде олардың жұмыстарына белсене атсалысуда. Ол мектептегі ғылыми жоба байқаулары мен оқушылардың Кіші ғылыми академиясының жұмыстарына ондағы комиссия құрамында қатысуда. Республикалық ғылыми-әдістемелік: «География, биология және экология - орта мектепте» және «Қазақстан географиясы және экология: мектепте және ЖОО оқыту» журналдарының редакция алқасының мүшесі.

             Талғат Ошанұлы «5В011600 - География» (бакалавриат) және «6М011600 - География» (магистратура) мамандықтары бойынша жоғары базалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік стандартын (2004, 2006, 2009, 2010 жж.) түзуші негізгі автор, әрі аталмыш мамандықтың  бакалавриаты бойынша авторлар ұжымының жетекшісі. Ол 1990-2000 жылдар аралығында университет қабылдау комиссиясында жауапты хатшысының орынбасары болған, ал кейіннен факультеттегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарына белсене атсалысуда. Оның тікелей еңбегінің нәтижесінде факультетте 2003 жылы «011040 (қазір 050116) - География» мамандығы базасында «География және экономика негіздері» жаңа мамандандырылуы ашылды, әрі бұған оқуға түсуші талапкерлер саны жыл сайын көбею үстінде.               

 

Аманбаева Махаббат Батырғалиқызы -факультет деканының тәрбие істері жөніндегі орынбасары

Биология магистрі, аға оқытушы.

       Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының 2005 жылы «химия және биология» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  университеті География-экология факультетінің «6А0113 - Биология»  мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. Осы оқу орнында 2008 жылдан бастап қызмет етуде. География - экология факультетінің Қазақстан географиясы, экология және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы.  2009-2010 оқу жылы қыркүйек - желтоқсан айлары аралығында және 2010-2011 оқу жылынан бастап География - экология факультеті деканының тәрбие істері жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

 Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: «Инновациялық  оқыту технологиясы бойынша студенттердің биологиялық білім сапасын көтерудің  ғылыми - педагогикалық негіздері». Осы тақырып негізінде отыздан астам  ғылыми еңбектердің авторы болып табылады. Сонымен қатар, «Экологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша  оқу әдістемелік кешені және оқу  құралы бар.

2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні қарсаңында,  ректорат және университеттің жастары ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Оқытушы - студент көзімен» тақырыбындағы студенттер арасында жүргізген сауалнаманың нәтижесінде,  М. Б. Аманбаева «Болашақ кәсіби маман даярлау ісіндегі қажырлы еңбегімен көзге түсіп, ұстаздық шеберлігімен дараланған оқытушы» Университет ректоры С.Ж.Пірәлиевтің алғыс хатымен марапатталды.