қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.10.2023

2-ші Халықаралық әйелдердің құрылтайы

 

Алматы қаласы, «Қазақстан» қонақүйінде 2023 жылдың 27 қазанында «Түркі халықтарының мәдениет қоры» мен «ılterış» қорының ұйымдастыруымен «Түркі әйелі - дәстүр шырақшысы және жаңа әлемнің жасампазы» тақырыбында әйелдердің Халықаралық Құрылтайы өтті. Іс-шараға Түркия, Германия, Әзербайжан, Орталық Азия және Қазақстаннан делегаттар қатысты.

 

Алматыда түрік азаматы Ахмет Дағдуран жергілікті қауымдастықтың көмегімен «Түрік халықтарының мәдениеті» қорының құрылғанына 25 жыл. Қордың осы уақыт аралығында халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды шаралардың бастамашысы, әрі ұйымдастырушысы болып келеді.

 

Аталған құрылтайға шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Конкабаева Н.Н., түрік тілі оқытушы Ашимова Д.М. және 4курс «Ағылшын тілін меңгерген шығыс (түрік) тілі мұғалімі» мамандығының студенттері қатысты.

 

  alt=