қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.11.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықты жалғастыруда


Бүгін Абай атындағы ҚазҰПУ 23 ғылыми зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде бірлескен жұмыстар атқаруда. Бұл ынтымақтастықтар негізінде ҒЗИ-дың жетекші ғалымдарын университет жанындағы диссертациялық кеңестердің құрамына енгізу, қорғалатын диссертациялық жұмыстарға ресми рецензент ретінде бекіту және докторанттарға жетекшілік ету жұмыстары дәстүрлі үрдіске айналған.


2023 жылдың 2 қарашасында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері Е.Маралбек, М.Қазыбек Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеппен кездесті. Абай университетінің 95 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, Мәскеу қаласының (Ресей) ғылыми институтының бірінің мұрағатынан табылған сирек кездесетін бейнетаспаны табыстады. 1929 жылы түсірілген бейнетаспада университетіміздің алғашқы білім алушылары мен оқу ғимаратының бірегей кадрлары бейнеленген.

 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық негізінде іске асырылып жатқан іс-шаралар, болашақта бірлесе ұйымдастырылатын жұмыстар талқыланды : ғылыми жобаларды іске асыру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бірлесе ғылыми кадрларды даярлау.

 

Талқыланған жоспардың жүзеге асуы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына Абай университеті тарапынан ресми делегацияның шақырылуымен басталмақ. Алдағы тәжірибе алмасу екі тараптың да ғылыми әлеуетін, қызметкерлер мен ПОҚ білім берудегі құзіреттілік пен дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

 

  alt=