Негізгі бет
Жаңалықтар
03.11.2023 Қазақстан мен Франция білім беру бағдарламаларын ұсынады
Бүгін Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтында VIII Қазақстан-Франция форумы аясында екі елдің жоғары оқу орындарының француздық білім жәрмеңкесі өтті. Еліміздегі Франция елшілігі, Campus France француз ұлттық агенттігі және Абай университеті ұйымдастырған бұл іс-шара жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің бітіруші сынып оқушыларының және Алматы жоғары оқу орындары студенттерінің назарын аударуға бағытталған.
Жәрмеңкеде INALCO, Лотарингия университеті және Пуатье университеті сияқты т.б. француздық серіктес университеттермен бірлесіп жүзеге асырылатын Абай университеті Сорбонна-Қазақстан институтының қазақ-француз білім беру бағдарламалары ұсынылды.
Абай университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, экономика бағыттарында қос дипломдық білім беру бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Француз тарапынан қос дипломды бағдарламалар аясындағы сабақтарды жоғары деңгейдегі жетекші француз профессорлары жүргізеді. Үздік студенттерге стипендиялық бағдарламалар есебінен Францияның серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беріледі.
Іс-шараға қатысушылар Францияның бірнеше оқу орындары мен орталықтарының білім беру бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік алды, соның ішінде: - KEDGE Business School;
Қоғаммен байланыс департаменті |