қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.11.2023

Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институтымен ынтымақтастықты дамыту

 

Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтымен (Өзбекстан) екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде 2023 жылдың 1-4 қарашасы  аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасынан жоғарыда аталған білім беру мекемесінің оқытушылары Г.А.Каллибекова, Т.А.Байназарова, А.К.Кадрековалар тағылымдамадан өтті.

 

Кездесу барысында ынтымақтастық бағыттары, студенттердің, магистранттардың, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ монографияларды, мақалаларды бірлесіп жазу, бірлескен зерттеу жобаларына қатысу мәселелері талқыланды.

 

Сондай-ақ, қонақтар 4 курс студенттерімен әңгімелесті, оларды өз университетінің қызметімен таныстырды, алдағы іс-шараларға қатысуға шақырды.

 

Тағылымдама қорытындысы бойынша екі университеттің бастауыш білім беру кафедралары арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының жобасы жасалды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=