Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / «Хәкім Абай» ұлттық тәрбие орталығы
«Хәкім Абай» ұлттық тәрбие орталығы қызметінің негізгі бағыттары: - білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ұлттық-патриоттық тәрбие беру; - колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында ұлттық-патриоттық тәрбие беру; - балалар мен жастарға ұлттық-патриоттық тәрбие беру жүйесін нығайтуға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: ғылыми-әдістемелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, жұмыс кездесулері, ақпараттық бағдарламалар, әдістемелік ұсыныстар; - ұлттық-патриоттық тәрбие саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде консультациялар өткізу; - университет сайтында және әлеуметтік желілерде орталық қызметін көрсету; - Орталықтың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. - тұлғатану мәселелеріне қатысты іс-шараларды (конференциялар мен семинарлар және дөңгелек столдар) ұйымдастыру және өткізу көзделеді; - тұлғалар тағылымын, үлгі-өнегесін, мұраларын насихаттау, дәріптеу бағыты - жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әйгілі бабалардың биік бәсекелік қабілетін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Оразалы Досбосынов атындағы жас ақын-импровизаторлар мектебінің қызметі: - студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мәдени іс-шараларды (айтыс, ақындық мүшәйралар, белгілі тұлғалармен кездесулер, белгілі ақындармен шеберлік сабақтары және т.б.) өткізеді; - шығармашылық одақтармен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланысты үйлестіреді, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі; - дарынды оқушыларды анықтау жұмыстарын жүргізеді (айтысшы ақындар мен жазба ақындарды және шығарма жаза алатын, дәстүрлі әндерді айта алатын, т.б. дарындарды іріктеу); - дарынды студенттердің университетте ғана емес, қалалық, облыстық, республикалық байқаулар мен іс-шараларға қатысуына қолдау көрсетеді.
|