қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.11.2023

Бірінші курс студенттерімен психологиялық бейімделу тренингі өткізілді

 

2023 жылдың 3 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және Психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Толкын Ингайбекова және «6В03111 - Практикалық психологтарды даярлау» мамандығының 4-курс студенті Мәдина Сармолдаева «6В03111-Практикалық психологтарды даярлау» мамандығынын 1-курс студенттеріне психогиялық бейімделу тренингін өткізді. Шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында таза ауада өтті.

 

Университетке түсу және ондағы оқу процесі әрқашан бірінші курс студенттерінің жаңа мәдени-ағартушылық ортаға енуімен байланысты. Осы кезеңнен бастап әлеуметтік бейімделу басталады, оқу процесінің табыстылығы мен тиімділігі көбіне осы сәтпен байланысты болады. Бірінші курс студенттерін университетте оқуға бейімдеу және студенттік топтарда жағымды микроклиматты қалыптастыру мақсатында жүргізілген тренинг ойын түрінде өтті.

 

Тренинг барысында «Жемістер», «Бірге сурет салу», «Сезім эстфетасы», «Жанарсыз фигуралар» атты жаттығулар өткізілді. Бұл студенттерге топта жұмыс істеуге, олардың ішінде жағымды атмосфераны құруға және тұлғааралық өзара әрекеттестіктің күшті жақтарын көрсетуге мүмкіндік берді. Жаттығулар қатысушылардың өзара сенімін дамытуды ынталандырады, демалу, шиеленісті жеңілдету және тактильді байланыс мүмкіндігін жасау қабілетін дамытады.

 

Қатысушылар бір-бірімен танысу, өзара әрекеттесу қызықты тәжірибе болғанын, ал іс-шараның өзі топтағы жалпы көңіл-күйге әсер етіп, бір-бірімен қарым-қатынасқа жақсы әсер еткенін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=