қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.08.2017


«ХАН ҚОРЫҚ» ҚР ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ

         Елін сүйген жан жерін де сүйеді. Ел мен жер бірігіп «Отан» ұғымын білдіретіні сөзсіз. Тәуелсіз еліміздің рухани кемелденуі үшін Қазақстан халқына жолданған Елбасының бағдарламалық мақаласы да осы ойды ұштай түседі. Елбасы мақаласында көзделген «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында  «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» дәріптеліп, елімізде туған жерді қадірлеуге арналған түрлі шаралар өткізілуде.

           «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 24-30 шілдесі күндері аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен «Павлодар География үйі» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Павлодар облысы Баянауыл ұлттық паркінде  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Хан Қорық» ҚР жастар фестивалі өтті. 

            Жастарды тарихи және мәдени ескерткіштермен, өңірдің табиғи қорықтарымен, туристік және экологиялық зерттеулермен таныстыруды мақсат еткен фестивальға еліміздегі он бес іргелі жоғары оқу орындарымен қатар білім ордамыздың аға оқытушысы, билогия ғылымдарының кандидаты Д.Құлжанова өзінің шәкірттерімен бірге қатысты.

        Фестиваль Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткен конференциядан бастау алды. Конференция барысында фестивальға қатысушы ЖОО өкілдері өздері келген өлкенің табиғаты және  білім ордаларының жетістіктерімен таныстырды. Өз кезегінде университетіміздің студенттері Раметова Бахор, Жұма Ляззат, Айтжан Меруерт  Ару Алматының көрікті жерлері мен мәдени-тарихи ошақтары және қара шаңырағымыз туралы әзірлеген  презентациялары барша конференция  қатысушыларын  тәнті етті.

         Мәдени іс-шара  профессор Б.Жұмаділов өткізген шеберлік сағатпен жалғасын тапты. Болат Жұмаділов қатысушыларды Баянауыл Ұлттық паркімен және сондағы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемімен таныстырып өтті. 

        Фестивальдің келесі күндері қатысушылар қола және темір дәуіріне қарасты елдімекендердегі қазба жұмыстарымен танысып, Баянауыл тауларының ең биік сілемдерінің бірі Ақбет тауының шыңына шығып, 2200 метр биіктікті бағындырды.

           Фестивальдің қорытынды кезеңінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, химия ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлер академиясының академигі Алтынбек Нухұлы қатысушыларға өзінің алғысын білдіріп, институт ұжымы атынан естелік сыйлықтарын табыстады. Алтынбек Нухұлы өз сөзінде Абай атындағы киелі қара шаңырақ ұжымына ерекше ілтипат білдірді.

 

 

  

 

  

 

 

  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі басқарма