Негізгі бет /
Хабарландыру
08.10.2020 Қазақ тілін коммуникативті бағытта оқыту
2020 жылы 9 қазанда сағат 16.00-де «SANA» зияткерлік орталығының білім беру порталында қазақ тілі және әдебиет мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазақ тілін қатысымдық (коммуникативтік) бағытта оқыту парадигмасы: мазмұны, құрамы, әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық онлайн семинары өтеді.
Семинардың спикері - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қаз ҰПУ жанындағы «Латын ғылыми-практикалық орталығының» директоры, «Қазақ тілі» пәнінен мемлекеттік стандарттар мен типтік бағдарламалардың, көптеген оқулықтар мен авторлық оқу-құралдарының, тілдік коммуникация саласындағы бірқатар ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы- Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы.
Семинарға республикалық, облыстық, қалалық білім басқармаларының мамандары, оқытушылар, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік ғылыми-практикалық орталықтар, Республикалық білім беру ұйымдары және ЖОО ұстаздары қатысады.
Семинарға қатысып, пікір алысқандарға сертификат беріледі.
Семинарға қатысу үшін TeimViewer бағдарламасы бойынша www.sana-iq.kz сайтына тіркеліп, ұйымдастырушымен алдынала хабарласу қажет.
Байланыс тел: +7 7084251806, +77053403254, +77084251805.
|