қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.11.2023

Б. С. Байжігіттің диссертациясын талқылау сәтті өтті

 

2023 жылдың 6 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6D011800-Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне Филология институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының кеңейтілген отырысы өтіп, онда Б.С.Байжігіттің «Постмодерн әдебиетіндегі абсурд поэтикасы және оның университетте оқыту әдістемесі (қазіргі орыс және орыс тілді проза негізінде» тақырыбында диссертациялық жұмысы сәтті талқыланды. Ғылыми кеңесшілер: Сафронова Л.В. - ф.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ (Қазақстан); Нефагина Г.Л. - ф.ғ.д., Слупск қаласындағы Помор университетінің профессоры (Польша). Ресми рецензенттер: Абишева С.Д. - ф.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ; Қажигалиева Г.А. - п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ; Ананьева С.В. - ф.ғ.к., доцент, ҚР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Диссертациялық зерттеу қорғауға ұсынылды.

 

  alt=  

 

  alt=     alt=