қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.11.2023

Абай университетінің студенттері Түркі Универсиадасында өнер көрсетті

 

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия және Венгрия) студенттік командаларының қатысуымен өткен Түркі Универсиадасында Қазақстан құрамасының студенттері футзалдан жарыста лайықты өнер көрсетіп, екінші жүлделі орынға ие болды.

 

Еліміздің ұлттық құрама командасының құрамында Абай университетінің алты студенті: Досанов Бекарыс, Төлепберген Абылай, Таузбеков Ануар, Балтабай Диас, Қойшыбаев Ерлан және Маметов Мухамед-Али өнер көрсетті.

 

Студенттерімізге алдағы уақытта да халықаралық аренада жаңа жеңістерге қол жеткізуіне тілектеспіз!

 

  alt=  

 

  alt=