қазақша · русский · english
 
 
 
05.09.2025


“Тіл – халықтың жаны” атты Тілдер күніне арналған мерекелік кеш

 

2025 жылдың 5 қыркүйегінде кафедра базасында студенттердің тілге деген құрметін арттыру, көптілділік құндылығын насихаттау және түрлі халықтардың мәдениетін таныту мақсатында Тілдер күніне арналған “Тіл – халықтың жаны” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Осы кешті ұйымдастырушы Қытай тілі және қытайтану кафедрасының оқытушысы Тоқтарбек С. Қатысушылар: кафедра меңгерушісі Алиханқызы Г, кафедра оқытушылары: Мейрхан С, Раева А.Н, Бейсен А, Елемес А және кафедра білім алушылары. Шараға қытай және корей тілдерінде білім алатын студенттер белсенді қатысып, өз өнерлері мен тілдік қабілеттерін жан-жақты танытты. Ән, би, көрініс және әр ұлттың мәдени дәстүрлерін қамтыған шығармашылық бағдарламалар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш барысында көптілділік пен этномәдени сананың маңыздылығы нақты мысалдар арқылы көрсетіліп, студенттердің мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кафедраның тәрбие, тілдік және мәдени бағыттағы жұмысының жандануына серпін берді. Тіл мерекесіне арналған бұл кеш студенттердің рухани дамуына, әлем халықтарының мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.

 

 

  alt=  

 

 

 




Кері оралу