
Қытай тілі және қытайтану кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қытай тілі және қытайтану кафедрасы / Жаңалықтар
13.10.2025
2025 жылдың 13 - 26 қазан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Әлем тілдері факультеті Қытай тілі және Қытайтану кафедрасының оқытушылар ұйымдастыруымен Цзянси ғылым және технология педагогикалық университетімен бірлесіп «Жасанды интеллект (AI) және жаңа технологиялар» атты халықаралық онлайн курстың ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ мен Цзянси ғылым және технология педагогикалық университетінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты. Курс заманауи білім беру жүйесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың рөлін талқылауға, сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған. Ашылу салтанатында екі университет өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, болашақтағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін атап өтті. Аталған халықаралық курс екі оқу орны арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|