қазақша · русский · english
 
 
 
27.10.2025


«Даналықтың данасы – Абай» атты танымдық кеш өтті

 

2025 жылдың 27 қазанында Ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Даналықтың данасы – Абай» атты іс-шара өтті. Осы кешті ұйымдастырушы Қытай тілі және қытайтану кафедрасының оқытушысы Тоқтарбек С. Қатысушылар: кафедра меңгерушісі Алиханқызы Г, кафедра оқытушылары: Мейрхан С, Раева А.Н, Бейсен А, Елемес А және кафедра білім алып жатқан 2-3 курс студенттері. Шараның негізгі мақсаты – Абай мұрасын студенттерге тереңірек таныстыру, қазақ мәдениетін қытай тілі арқылы насихаттау және тіл үйренушілердің коммуникативтік, мәдениаралық құзыретін дамыту болды. Кеш «Даналықтың данасы – Абай» тақырыбындағы көрмеден басталып, кафедра оқытушыларының кіріспе сөзімен жалғасты. Онда Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы қытай тілінде таныстырылып, ақын мұрасының әлемдік деңгейдегі маңызы атап өтілді. Студенттер Абай өлеңдерін қытай тілінде жатқа мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Сонымен бірге «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері қазақ және қытай тілдерінде орындалып, қазақ мәдениетінің байлығын көптілді форматта көрсетті. Шара барысында қытай тілінде дайындалған слайд-презентациялар ұсынылып, студенттер шағын сахналық көріністер қойып, ұлттық би орындады. «Абайды таныу» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылып, белсенділік танытқан қатысушылар марапатталды. Іс-шара студенттердің Абай мұрасын терең түсінуіне, қытай тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіруге, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды бағалай білуге ықпал етті. Студенттер өз шығармашылық қабілеттерін паш етіп, мәдениетаралық ортада еркін әрекет ету тәжірибесін арттырды. Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қазақ руханиятын насихаттау мен қытай тілін оқыту үдерісін мәдени ортада байытуға маңызды үлес қосты.

 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу