қазақша · русский · english
 
 
 
01.12.2025

«Ай нұры астындағы достық – 月光下的友谊» мерекелік іс-шарасы өтті

 

 

2025 жылдың 1 желтоқсанында Қытай халқының дәстүрлі 中秋节 (Орта күз мерекесі) туралы мәдени ақпарат беру, студенттердің тілдік құзыретін дамыту, қазақ–қытай мәдени байланыстарын нығайту және жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Ай нұры астындағы достық – 月光下的友谊» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шараға кафедра меңгерушісі Алиханқызы Г., кафедра оқытушылары Мейрхан С., Раева А.Н., Бейсен А., Тоқтарбек С., Елемес А. сондай-ақ 2–3 курс студенттері қатысты. Іс-шара алдын ала дайындалған сценарий негізінде өтті. Жүргізушілер кешті қазақ және қытай тілдерінде қатар жүргізіп, мерекенің мән-маңызын екі тілде түсіндіру арқылы көптілді орта қалыптастырды. Шара барысында студенттер 中秋节 мерекесінің рухын сездіретін қытай әндерін орындап, ұлттық және заманауи билерді ұсынды. Бұл көрермендерге Қытай мәдениетінің көркемдік ерекшеліктерін жақыннан тануға мүмкіндік берді. Орта күз мерекесінің шығуы, Чанъэ туралы көне аңыздар және мерекеге тән дәстүрлер туралы арнайы бейнематериал көрсетілді. Студенттердің мереке туралы білімін тексеруге арналған викторина ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Бұл олардың белсенділігін арттырып, іс-шараға қызығушылықты күшейтті. Кеш жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар қытай мәдениеті жөнінде мол ақпарат алып, студенттер өздерінің тілдік әрі шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Кафедра меңгерушісі Алиханқызы Г іс-шараның тәрбиелік және мәдени маңызын ерекше атап өтті. «Ай нұры астындағы достық – 月光下的友谊» мерекелік кеші студенттердің мәдениетаралық түсіністігін нығайтып, қытай тілін меңгеру үдерісін жаңа деңгейге көтерген маңызды шара болды.

  

 

 




Кері оралу