Негізгі бет
Жаңалықтар
13.11.2023 №172 мектеп-гимназиясында студенттердің педагогикалық практикасын психологиялық қолдау көрсету
Бітіруші курс студенттерінің педагогикалық практикасын психологиялық-педагогикалық қолдау аясында 2023 жылғы 10 қарашада педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Кунсулу Тусубекова Алматы қаласының №172 мектеп-гимназиясында «6В01512-Химия-биология» мамандығы студенттері Салатдин Әйгерім және Даутова Альбинаның ашық сабағына қатысты.
Ашық сабаққа мектеп-гимназия директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Анар Ахматбекова, «Химия» пәні бойынша практика жетекшісі Мұрат Жұмаділов, химия пәнінің мұғалімдері Бану Баймаханова, Ғалия Игибаева, Абай атындағы ҚазҰПУ психология әдіскері Кунсулу Тусубекова, «Химия» пәні бойынша әдіскер Арайлым Утемисова, студент-практиканттар қатысты.
Студент-практиканттар ашық сабақтарды заманауи технологияларды қолдана отырып, жоғары әдістемелік деңгейде өткізді, сонымен қатар студенттер оқу материалын терең меңгергенін, диалог жүргізу және кері байланыс алу қабілеттерін көрсетті.
Сабақтың соңында барлық қатысушылар студент-практиканттардың ашық сабақтарын талқылады, өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті, студент-практиканттарды одан әрі жетілдіру және кәсіби дамыту үшін құнды кеңестерімен бөлісті. Психология бойынша әдіскер, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Кунсулу Тусубекова студенттердің сабақты психологиялық талдау, оқушылар мен оқу сыныптарының психологиялық сипаттамаларын жазу бойынша кеңес берді.
|