қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.11.2023

Dance4life жобасы аясында «АИТВ/ЖИТС» тақырыбында тренинг өтті


2023 жылдың 20 қарашасында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «AFEW Kazakhstan» қоғамдық қоры мен Мемлекеттік ЖИТС орталығы бірлесіп жүзеге асырған Dance4life жобасы аясында студенттерге «АИТВ/ЖИТС» тақырыбында тренинг өткізілді.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өткен болатын. Себебі, қазіргі кезде жастар арасында есірткіні пайдалану белең алуда.

 

Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында өткен кездесуде, мамандар АИТВ - иммундық жүйені зақымдайтын, адамға өте қауіпті вирустардың бірі екеніне тоқталып, есірткісіз қоғам құру - Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет екенін атап өтті.

 

Шара барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, студенттерді салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Тренинг соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы толыққанды мәлімет алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті