қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.11.2023

«Абай» студенттік апталығы: «Абай жұдыздары» байқауы

 

2023 жылы 20 қарашада Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Абай» апталығының ашылуы «Абай жұлдыздар» ән байқауымен бастау алды. Апталықтың алғашқы шымылдығын ашқан «Абай жұлдыздары» ән байқауы жоғарғы деңгейде өтті. Ән байқауда әр институттың студенті мен университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкері жұптасып өнер көрсетті. Ән байқау үш түрлі кезеңді қамтыды.

 

Сайыс нәтижесі бойынша І орынды - Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушысы Ерланова Мадина Ерлановна мен студенті Мизамбай Расул Асқарұлы; ІІ орынды - Педогогика психология институтының оқытушысы Алимкул Айжан Маратқызы мен студенті Бөріш Анаргүл Қуанышқалиқызы; ІІІ орынды - Абай атындағы ҚазҰПУ Мансап орталығының қызметкері - Таңат Ақнұр мен Жаратылыстану және география институтының студенті Сагимов Арман Бақытбекұлы иеленді. Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясымен Математика,физика және информатика институтының оқытушысы Айбек Амангелдин мен студенті Асқарбек Перизат; «Үздік дауыс» номинациясымен Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің маманы Зухра Нагиевна мен Филология институтының 3 курс студенті Айдана Жанахметова; «Үздік шоу» номинациясымен Мансап орталығының қызметкері Несіпбай Ләззат пен Тарих және құқық институтының студенті Келдібек Анара марапатталды. Жеңімпаз жұптардың барлығын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы бастамаларыңызға тек сәттілік тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=