қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.11.2023

«Абай - дана, Абай - дара» пікірсайыс турнирі

 

2023 жылдың 22 қарашасында Абай университетінде «Абай» студенттік апталығы аясында Жастар ісі жөніндегі комитет ұйымдастырған «Абай - дана, Абай - дара» пікірсайыс турнирі өтті. Мақсаты - өзекті тақырыптарды талқылау арқылы әдеттен тыс форматта пікірсайыс жүргізу және студенттердің шешендік дағдыларын жетілдіру. Турнир АПФ форматында өтті.


Пікірсайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Тарих және құқық институты, ІІ орынды Сорбонна - Қазақстан институты иеленді. Жеңімпаз Филология институтының командасы болды. Студенттер Нұрлан Шапағат пен Құлжабай Сания жақсы ойын көрсетіп, «Ең үздік ойыншы» номинация иегерлері атанды.


Турнирдің барлық қатысушыларына, университет басшылығына және «Атамекен» зияткерлік пікірсайыс клубына алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=